22.04.2026
«Амина-2011» балабақшасының тәрбиеленушілері Халықаралық көп жанрлы «GULNAR FEST» байқауына қатысып, 1 ОРЫН алып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті 🌟 «Хореография» номинациясы бойынша «Батырлар» биімен өнер көрсетіп, 1 - ОРЫН алып, нәтижесінде І дәрежелі дипломды иеленді! 🏆 Бұл жетістік – балаларымыздың таланты мен еңбегінің, сондай-ақ ата-аналардың қолдауының жарқын көрінісі. Біз әрқайсысымен мақтанамыз! 💫 Жетекшілеріміз Туребаева Разия Кенжалиевна және Батырова Дариха Батырхановна балаларға сапалы білім мен тәрбие беріп, олардың өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. 👏 Барлық ата-аналарға сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! 🤍 Осындай жетістіктеріміз көп болсын! Алда әлі талай жеңістер күтіп тұр!