Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, бұл жемқорлыққа қарсы әрекет етудің және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың маңызды көрінісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
1. Қызмет алушылардың тегіне, әлеуметтік, құзіреттілік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да әрекет жағдайлары бойынша дискриминациясыз тең қолжетімділігі;
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бюрократизм мен қағазбастылықтың болуына жол бермеу;
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жауапкершілік пен ашықтылық;
4. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін әрдайым жақсарту;
6. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде экономикасы мен тиімділігі.
Ақмола облысы, Қосшы қаласы “Амина-2011” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Амина-2011” балабақшасы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің 2 түрін жүзеге асырады:
1. “Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды, “бір өтініш” қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 49, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 49, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.
2. “Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау мен балаларды тіркеу”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 49, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 49, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.
2022 жылдың 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы қаласының “Амина-2011” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Амина-2011” балабақшасына қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.
Байланыс:
Қосшы қаласы, Республика көшесі, 2 үй, “Амина-2011” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Амина-2011” балабақшасы, Ақмола облысы, Қосшы қаласы бойынша Білім басқармасы, байланыс телефоны: 8 (716-51) 14-50-87,
8 701 242 06 20, электронды пошта amina2011koshi@mail.ru
Қабылдау демалыс және мерекелік күндерді алмағанда, жұмыс күндері сағат 9.00ден 18.00ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00ден 14.00ге дейін.
Балабақша меңгерушісі Мурзатаева Айнагуль Акантаевна